«Семей қаласының
ММУ» ШЖҚ РМК
Университет госпиталі

Областық клиникалық аурухана

Тарихи облыстық ауруханасы физиоинститут, хирургиялық және көз аурухана негізінде 1952 жылы 4 қаңтарда денсаулық сақтау Семей Губерниялық бөлімінің № 2 бұйрығымен құрылды.

Оның алғашқы директоры Василий Сергеевич Бобов тағайындалды - қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, үлкен энтузиаст, өз кәсібінің маманы, ал медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары М.А.Ломшаков болды - тамаша дәрігер, офтальмологиялық қызмет көрсету саласындағы ұйымдастырушы, В.С.Бобовтан кейін аурахананы басқарды.

Облыстық аурахана құрамында 8 стационарлық бөлімде 305 кереует – 3 терапевтік, хирургиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық, стоматологиялық және неврологиялық. Аураханаға 11 дәрігерлік учаскімен, диагностикалық қойма бөлімдерімен 2 емхана берілді.

Терапиялық бөлімді Т.Г. Павлова, Е.М. Геликман, А.И. Букина басқарды, Хирургиялық бөлімді Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, Ленин орденінің иегері В.А. Худяков басқарды. Стоматологиялық бөлімді ұйымдастырып, басқарған Н.Е. Потатуркина.

1953 жылы аураханада алғаш ЭКГ кабинеті ашылды.

1959 жылы ОКБ ортопедотравматологиялық бөлім ашылды, негізін қалаушы клиницист травматолог дәрігері, СГМИ ұлттық кадрлардың алғашқы профессоры Басыр Хабижанович Хабижанов. Сол жылы санитарлық авиация саласы жұмыс істей бастайды.

1967-70 жылдардан бастап Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері С.А. Осмоловскийдің басшылығымен қаланың шетінде Облыстық клиникалық аурухананың жаңа кешенді ғимараттары салынған.

1966 және 1969 жылдар аралығында аурахананың бас дәрігері Секербаев Х.О. болды, кейін ол 9 жыл Семейдің облыстық денсаулық сақтау бөлімін басқарды, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 4-ші Бас директораты болды.

1962 жылы 9 қаңтарда Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің № 16 бұйрығы бойынша  облыстық балалар ауруханасы құрылды.

1969 жылдан бастап аурахананы Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері Абдыхалыкова Ф.Д. басқарады. Сол жылдары аураханалық кереует қоры туралы сұрақтар қарастырылды, ауыл тұрғындарына медициналық көмектің жақындауы, диагностикалық әдістерін жетілдіру, консультативтік жұмыстың түзелуі, ұйымдастырушылық пен әдістемелік жұмыстары жақсарды, медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін жақсарту.

70-ші жылдары облыстық аурухана ірі көпсалалы мамандандырылған  клиникаға айналды. Сол уақытта мынандай бөлімдер жұмыс істеді:

-нейрохирургия: ұйымдастырушы Л.А.Иванов, травматология мен ортопедия кафедрасының көмекшісі, меңгеруші В.И. Овсянников.

-урология: уйымдастырушы А.А. Пестерев.

-кардиохирургия: уйымдастырушы Ю.П. Фоняков, меңгеруші Ю.А. Казанцев.

70-жылдары төсек сыйымдылығы облыстық ауруханада 600 төсекке жетті. Аурухана диагностикалық тест бағдарламасын кеңейтуге қабылданды және медициналық процедуралар, іс жүзінде озық ғылыми жетістіктерді енгізу.

80-ші жылдары ауруханада жаңан бөлімдер мен қызметтер ашылды (эндоскопиялық бөлімі – меңгеруші Нуралинов К.К., гипербаротерапия бөлімі – меңгеруші Баельев С.Ж., кардионефрологиялық бөлім – меңгеруші Свитич Т.Н., диализ бөлімі – меңгеруші Медеуов Д.М.). Ревматология науқастары, лазерлік терапия, магниттік терапия, гемосорбция емдеу әдістері жүзеге асырылған.

90-шы  жылдары  Кеңес үкіметінің құлауына байланысты, денсаулық сақтау жүйесінде қиын кез болды. Осы кезеңде аурахананың басшылары денсаулық сақтау ұйымдастырушылары макашев А.К., Оспанов Б.Н., емдеу жұмысы бойынша директордың орынбасары, клиницист,  жоғары санатты жүрек-тамыр хирургі Масалимов Е.О. қазіргі уақытта да ол хирургиялық көмек жөніндегі директордың орын басары.

Осы жылдар ішінде клиникадан жеке бөлініп, тәуелсіз мекемелер болған: ҰОС, ВИ, ЧАС Мүгедектерді қалпына келтіру  орталығы, көз және бүйрек орталықтары, инфекциялық аурухана, патологоанатомиялық бюро. .

1999 жылдан бастап клиникада телемедицина кабинеті жұмыс істейді.

2005 жылы компьютерлік томография бөлімі ашылды. Стационарлық орналастыру мақсатымен 30 төсектік күндізгі сационар және 30 төсектік көп салалы сервистік бөлім ашылды.

2006 жылы ШҚО «тортопедиялық көмек травматологы»  денсаулық сақтау дипартаментінің бұйрығының негізінде Семей ауданының балалар тұрғындарына жедел түрде травматологиялық –ортопедикалық көмек көрсету негізінде балалар травматологиялық –ортопедикалық көмек көрсету стационары ашылды.

2007 жылы ПТР- зертханасы ашылды

2009 жалдан бастап клиника Мемлекеттік Медицина Университетінің Медициналық Орталығына ауыстырылып, директоры жоғары біліктілік санатты ұйымдастырушы Альжанов С.Н. болды. Бүгінгі күнде клиника Республикамыздын ірі біліми-педагогокалық, көп салалы емдеу ауруханасы болып табылады.

2012-2013 жж. аралығында ауруханада жүрек-тамыр хирургия бөлім орталығы ашылды, оның құрамына: ангиохирургия 30 төсек, кардиохирурхия 10 төсек, коронарлық хирургияға; кардиология 20 төсек, ангиографикалық зертхана 10 төсек, онда аортография ангиография, флебография, коронарлық, перифериялық артерияларды стентеу,кардиолог пен кардиохиргтің  амбулаторлық қабылдау жүргізіледі.