«Семей қаласының
ММУ» ШЖҚ РМК
Университет госпиталі

Дәріхана

Медициналық орталықта дәріхана бар, оның міндеті стационарлық науқастарға үздіксіз және сапалы медициналық өнімдерді қамтамасыз ету болып табылатын. Медициналық орталықтың дәріханасында Фрамацевтикалық қызметіне сертификаты бар, дәріхананы провизер басқарады, дәріхананың меңгерушісі Алимгожина Айтханым Балтабаева, жұмыс тәжірибесі 26 жыл, білімі жоғары, 2008 жылы Қарағанды қаласының Медицинадық университетін аяқтады, Медициналық орталықтың формулярлық комиссия мүшесі болып табылады, «Формулярлық жүйесін басқару және емдік құралдарды қолдану» менеджменттік сертификаты бар. Дәріхана ұжымы әрдайым бірлесе жүріп жұмыс атқарады.  Тәжірибелі формацевттер жұмыс істейді: Шишлакова Ольга Николаевна және Пожидаева Юля Николаевна, олардың жұмыс тәжірибесі жиырма жылдан артық. Олар әрдайым біліктілігін көтеріп отырады және жоғары санаты бар.

Олардың негізгі қызметі Медицналық орталыққа уақытылы емдік құралдарын алып келу, оны бөлімдерге жеткізу, медициналық емдік заттардың қолданыстан шығуын не шықпауын тексеру және дәрі-дәрмекті дұрыс сақтау, сонымен қоса ай сайын жоспарлы турде Медициналық орталыққа, қанша емдік заттар қолданысқа кеткені туралы есеп беру, сондай-ак дәріханада оператор жұмыс істейді, ол хат тереді, кіріс және шығыс хаттарды бақылауда ұстайды, Эксель бағдарламасы бойынша емдік заттарды тасымалдаумен айналысады, ұжымда сонымен қоса емдік заттарды бөлімдер бойынша тасмалдайтын тазалықшылар қызмет атқарады.


Дәріхана


Дәріхананың меңгерушісі 
Алимгожина Айтханым Балтабаевна