«Семей қаласының
ММУ» ШЖҚ РМК
Университет госпиталі

Кардиоревмотологиялық бөлім

1969 жылы 80 төсектік гематологиялық профельді  терапевтік бөлім ашылды, бөлімнің меңгерушісі А.И. Букина болды.

1975 жылы – Сарымсакова Кайша Садвакасовна.

1980 жылы бөлім 60 төсектік кардиоревмотологиялық бөлімге ауыстырылды. Кардиоревмотологиялық бөлімнің жұмыс істеген кезінен бастап бірнеше меңгерушілер ауысты:

1981 жылы бөлім меңгерушісі - Сатдыков Серикбулат Туагуович болды.

1888 жылы – Сасембеков Газиз Елеусизович.

1996 жылдан бастап – Оспанова Шолпан Негматовна.

2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін бөлім меңгерушісі ревматолог дәрігері жағары санат біліктілігі бар медициналық ғылымының кондидаты Омарбекова Жазира Есенгельдиевна.

Бөлімнің ғылыми жетекшісіСемей қаласының ММУ еңбек сіңірген профессоры м.ғ.д. Иванова Райфа Латыфовна. Оның басшылығынмен 3 докторлық, 17 кондидаттық диссертациялары жарық көрді. Ақырғы жылдары ғылыми бағытта  генетикалық аспектердің зерттелу барысында оның ревматоидтік артриттке және қан айналым жүйесіне әсер тигізетіндігі анықталды. Методикалық ұсыныстар басылымға шықты және зерттеуге 5 патент берілді.

Қызметкерлер саны: 25 адам

Дәрігерлер – 2: бөлім меңгерушісі Бекишева Анис Курмашевна, екінші санаттағы  ревматолог дәрігері Жандарбекова Багдат Болатовна.

Бөлімнің аға медбикесі Амреева Кульшат Оразгалиевна. Бөлімде жоғары санат біліктілігімен – 7 медициналық медбикелер қызмет атқарады, ал бірінші санаттағы медициналық медбикелер – 3, екінші санаттағы медбике – 1. Бөлімнің шаруашылық медбикесі Нурбосынова Бахытқан Смаковна.   

Бөлім мамандандырылған ревматологиялық және кардиологиялық медициналық көмек көрсетеді. 


Кардиоревмотологиялық бөлімнің ұжымы