«Семей қаласының
ММУ» ШЖҚ РМК
Университет госпиталі

Операциялық бөлім

Операция бөлімі келесі операциялық блоктарынан тұрады:

1.Хирургия бөлімінің операция блогы.

2.Нейрохирургия бөлімінің операция блогы.

3.Бет-жақ хирургия бөлімінің операция блогы.

4.ЛОР бөлімінің операция блогы.

5.Балалар хирургия бөлімінің операция блогы.

6.жүрек қан тамырлар хирургия бөлімінің операция блогы.

7.Кардиохирургия операция блогы.

     Операция бөлімінің меңгерушісі- Омарбеков Ерлан Сембаевич жоғары білікті дәгігер, УГ профсоюз комитетінің төрағасы. «Денсаулық сақтау үздігі», «Профсоюздік істерінің үздігі» марапатына ие.

    Операция бөлімінің аға медбикесі Садвакасова Альмира Есимхановна жоғары білікті маман,медбикелік істің бакалавры.

   Бөлімде 25 медбике жұмыс істейді. Олардың 16-сы жоғары білікті маман, 2- бірінші білікті маман, 7- мамандандырылған.

     1999 жылдан бастап операция бөлімінде эндовидеохирургиялық өт қабы және бауырдан тыс өт жолдарына, торокоскопиялық операциялар жүргізілді. 2000 жылдың қаңтар айынан бастап  операцияның ашық лапараскопиялық әдістері жүргізілуде.

          Замануи инновациялық азинвазивті, сондай-ақ операцияның ағза сақтаушы әдістері енгізіліп, тәжірибеде қолданылуда. Өт қабы мен бауырдан тыс өт жолдарының эндовидеохирургиялық операциялары, диафрагманың өңіштік саңылауы жарықтарын эндовидеохирургиялық тігу, торакоскопиялық симпатэктемия, гинекологиялық операциялар, операцияның ашық лапароскопиялық әдістері.

       Нейрохиругиялық науқастарға омыртқаның мойын, кеуде және бел бөлімдерінің сынықтары мен дегенеративті аурулары кезінде имплантант және кейдж, пішінін сақтау қабілеті бар скобаларды қолдану арқылы операциялар жасалады, нейроонкологиялық науқастарға интраоперациялық бинокулярлы лупаны қолданумен операциялар жасалады.

   Қан тамыр хирургиялық бөлімде келесі іс-шаралар орындалады: Леммальды симпатэктомия, аоррто-феморальді айналма операциясы, іштің аорталық  аневризмасы және каллогенмен қапталган протезді қолданатын тамырлардың атеросклерозы.  Каротид  стенозы үшін коллоген патчтарын қолдану. Жоғарғы және төменгі аяқтың варикоздық веналарының операциялары жасалады

      Кардиохирургиялық блокта аорто-коронарлы  шунттау, селективті коронорография, аортография жасалады. 2013 жылдан бастап қантамырларға стенттеуші операциялар жасалады.