«Семей қаласының
ММУ» ШЖҚ РМК
Университет госпиталі

Оториноларингологиялық бөлім. ЛОР бөлімі

ЛОР бөлімі 1956 жылы 30 төсектен тұрды. 1956 жылдары  ЛОР бөлімінде тек қана жедел операциалық көмектер ғана жасалды. 1956 жылы ЛОР аурулары кафедрасы ұйымдастырылды, оның негізін қалаушы доцент Дунайвицер Борис Иосифович болды, сол уақыттан бастап облыстық аураханада ЛОР бөлімінде операциялардың барлық түрлері жүргізіле бастады, соның ішінде ЛОР бөлімінің алғашқы меңгерушісі Невиримова Валерия Александровна, ол бөлімді 1956 жылға дейін басқарды. 1965 жылдан бастап аурухана бөлімін Рахимбаева Роза Оразгалиевна, 1989-1995 жылдары Енсебаев Руслан Зейнуллаевич, 1995-2012 жылдары Даумбаев Каирбек Нурдильдинович басқарды, ал қазіргі уақытта өз міндетін  Абдикаримова Л.О. атқарып жүр. ЛОР ОКА бөлімінің негізінде үнемі зерттеулер жүргізіліп отырады. Дунайвицер Б.И. мен Романов В.А. профессорларының 2 докторлық диссертациялары қорғалды, 300-ден астам ғылыми еңбектер оқылды және 100 рационализаторлық ұсыныстар болды.

Біздің елімізде алғаш рет профессор Романов В. А. Меньера мен мойын остеохондроз ауруларын хирургиялық емдеу әдістерін әзірлеп, қолданады. 

В первые в стране применен метод речевой костной аудиометрии для диф. Диагностики различных форм тугоухости доцентом Русановой Н.П.

ЛОР бөлімінің қызметкерлері науқастарды отоневрологиялық тексерулеруден өткізуді кеңінен қолданады.

Алғаш отоларинголог дәрігер Тихомиров В. В. болды, кафедрада Софья Шакировна Баймахарова жұмыс істеді, қазіргі уақытта ол профессор, Алматы қаласында усовершенствования врачей кафедрасының меңгерушісі. 1971 жылға дейін ЛОР бөлімінде балалар мен ересектерге арналып 70 төсек қойылды. ЛОР бөлімінің меңгерушісі Рахымбаева Роза Оразгалиевна болды, ЛОР дәрігерлер: Нагибина, Никитина Г. Б., Илиев Т. М., Искаков Р. Р., Арозон В. Л., Кулумбаева Б. Б., Мусин К. Р., Енсебаева Р. З.,СапегинА. В., Даукаев С. Х.
1917-1985 жылдары аралығында бөлімнің бас медбикесі Чемисова Валентина Ильинична болды. 1975 жылға дейін соғыс кезінде ауруханада сол кісімен бірге Сухорникова А. Н., Расторгуева З. В., Емелина М. В. қайырымды медбикелер жұмыс істеген.

1973-2012 жылдары аралығында Обухова Галина Александровна операциялық медбикесі болып жұмыс істеген.

1971-2012 жылдары Портнова Вера Александровна медбике қызметін атқарған.

Бөлімде жоғары біліктілік санаты бар 2 дәрігер, бірінші біліктілік санаты бар 1 дәрігер, жоғары біліктілік санаты бар 4 медбике және бірінші біліктілік санаты бар 1 медбике жұмыс істейді.

Бөлім Семей қаласының тұрғындарына және жақын ауыл тұрғындарына жоспарлы көмек пен тәулік бойы жедел көмегін көрсетеді.

Бөлімнің ардагер дәрігерлері: Даумбаев К. Н., Кулумбаева Б. Б. және Еркетаева Г. Б., Рахимжанова М., Раева Б. Б. медбикелері. 

Сонымен қатар бөлімде жас медбикелер қызметін атқарады: Тогаспаева Л., Бейсенова А., Омарова Д., Зейнуллаева Т. және Аманбаев Н.

Ұзақ жылдары бойы бөлімде шаруашылық медбикесі болып Полякова Зинаида Алексеевна қызметін атқарды, ал дәл қазіргі уақытта шаруашылық медбике – Измайлова Б.

1985-1992 жылдары ЛОР бөлімінің бас медбикесі Монапова Валентина Антоновна болды. Қазіргі уақытта бөлімде ординатор дәрігерлері жұмыс істейді: Даумбаев К. Н. және Даумбаев С. К.

2002 жылдан бастап ЛОР бөлімінің  ғылыми жетекшісі медициналық ғылыми кандидаты және оториноларинголог Жакиянова Жаннат Оразмухаметовна болды.

Бөлімді меңгеруші Абдикаримова Лаура Оразовна бірінші санатты дәрігер.

Ғылыми бағыт: эндовидеориноскопические особенности носа и придаточных пазух носа у жителей Семипалатинского региона.

ЛОР бөлімнің оториноларингологтарымен бірге  3 рационализаторлық ұсыныстар мен 100-ге жуық мақалалар басылып, 1 монография мен 1 студенттерге арналған оқулық шығарылған.