«Семей қаласының
ММУ» ШЖҚ РМК
Университет госпиталі

ММУ Медициналық орталығының Рентенэндоваскулярлы Зертханасы (РЭВЗ)

РЭВЗ 03 сәуір 2013 жылы кардиохирургиялық ота болгы және кардиореанимация бөлімшесімен бірге құрылған. РЭВЗ журек ишемиялық ауруы бар науқастарға, миокард инфарктісінен кейінгі, перифериялық қан тамырларының ауруы, резистентті гипертониясымен бар науқастарға көмек көрсетіледі. Жіті коронарлы синдроммен әкелінетін науқастарға зертханада көмек 24 сағат тәулігіне, 7 күн бойғы режимде жүргізіледі. Зерханада журек ырғағының ауыр бұзылыстары бар науқастарға көмек көрсетіледі.   

Негізгі оталар мен емдік шаралар түрлері:

  • Коронарлы қан айналым бұзылысы кезінде күрделі эндоваскулярлы ота жасау. Сүлелі окклюзияларды ашу, бифуркациялық стенттеу, тарылған журек шунттарын стенттеу.
  • Барлық перифериялық артериялардың ангиографиясы мен сттентеуі.
  •  
  • Резистентті гипетензия кезінде буйрек тамырларын денервациялау.
  • Екі және бір камералы электрокардиостимулятор орнату.
  • Бас ми тамырларын стенттеу және эмболизациялау.
  • Қеуде және құрсақ қолқасының аневризмалары кезінде стент-графт орнату.

РЭВЗ мамандары:

Зертхана меңгерушісі – бірінші санатты дәрігер рентгенхирург Сабитов Е.Т. – интервенционды рентгенохирургия бойынша білікті маман. Алыс және жақын шетелден білімін жетілдірген.   

Дәрігерлер:

Дәрігер рентгенхирург Азизов Б.С. – 2013 жылы хирургия мамандығы бойынша Семей ММУ-нің клиникалық резидентурасын бітірген. Білімін Медицинадағы Жоғары Технологиялар Орталығында РФ-да. Қазан қ-да жетілдірген. Италияда Мирано қ-сың клинакасында білім жетілдіруден өткен.

Дәрігер рентгенхирург Жунисжанов Д.М.- Біріншілік дайындықты Алматы Қалалық Кардиологиялық Орталығында өткен. Арғарайғы біліктілігін Қазан қаласы РФ-сі Аймақаралық Клиника Диагностикалық Орталықта жалғастырған.

Дәрігер рентгенхирург Маралбаев А.Р. – Біріншілік дайындықты «Республикалық Жедел Медициналық Жәрдем Ғылыми Орталығы» АҚ-да өткен. 2014 жылы Мәскеу қ-да эндоваскулярлы емдеу және диагностика мамандарының 14-ші съезінің белсенді қатысушысы болған. Ресей Интервенционды Кардиологтар Ғылыми Одағының мүшесі.

Бірінші санатты дәрігер интервенциялық кардиолог Айманов И.Е. –Medtronic BV компаниясының интервенционды аритмологияға арналған оқу курстарының мүшесі. Алыс және жақын шетелде өткізілетін конгрестер мен симпозиумдардың белсенді қатысушысы.

Зертхананың техникалық жабдықталуы: 

Операциялар, халықаралық талаптарға сай, рентгеноперационды бөлмеде өткізіледі. Artis Zee Floor ангиографы секундына 30 кадр жиілікте рентген суреттерін түсірүге және өндеуге арналған цифрлі  детектормен жабдықталған.    Науқас жағдайын бақылауға арналған Axiom Sensis жуйесі оперция кезінде 12 каналды ЭКГ және инвазивті, инвазивті емес қан қысымын өлщеуге мүмкіндік береді.

Байланыс телефоны: 87222-53-04-81