«Семей қаласының
ММУ» ШЖҚ РМК
Университет госпиталі

Науқастарға ескертпе

Науқастың жазылып кетуі тек дәрі-дәрмектерге ғана байланысты емес сондай-ақ аураханада тәртіпті сақтау, себебі тыныштық жүйке жүйеге және  барлық дене мүшесіне жақсы әсерін тигізеді сонымен қоса тез сауығып кетуге жәрдемдеседі. Сондықтан ауруханада емделу барысында дәрігердің барлық  тағайымдаулары мен ережелерді сақтау керек.

Кестені сақтаңыз:

1. Ояну  (таңғы 7-де), таңғы ас, түскі ас 1 сағат үзіліс, кешкі ас, ұйқы  (22 сағат).

2. Таңертен және ұйқы алдында тісіңізді тазалаңыз, тамақтан кейін аузыңызды шайқаңыз. Тамақ ішер алдында қолыңызды жұыңыз.

3. Палатада және басқа бөлімдерде тазалықты сақтаңыз.

4. Төсекті тазалықта ұстаныз, жастықтың астына ештеңе жасырманыз.

5. Палаталардан шыққанда халат, шұлық, аяқ киім киіп жүріңізднр.

6. Серуендеуге уақыт берілген кезде және рұқсат берілген кезде аурухана жері бойында серуендеңіз.

7. Тізімде болса таңғы гигиеналық гимнастиқаға барыңыз.

8. Дәргерлердің дене қызуын өлшеу кезінде және демалыс уақытында палатада болыңыз.

9. Науқастарға арналған дәрістерге  қатысыңыз, егер дәрігерлер рұқсат берсе газетпен журналдар оқыңыз.

10. Емдейтін дәрігердің айтқанын орындаңыз.

11. Құжаттарды тоңазытқышта АЖТ корселіген және палатаның номерін көрсетіп сақтаңыз.

12. Туысқандарыңыздан сізді емдейтін дәрігер руқсат берген тағамдарды алыңыз.

13. Сұрақтарыңыз болса емдейтін дәрігеріңізге сұрақтарыңыздын шешімін табуға көмектесуін сұраңыз.

14. Туыстар мен жақындардың келу кестесі 16-00ден 18.30ға дейін, жексенбі және мерекелер күні 10.00 ден13.00 дейін.

15. 14 ке дейінгі балалар науқастарға жолатылмайды.

16. Науқасқа бир адам ғана кире алады халатта және бахилада.

17. Рұқсат берілген уақыттан артық тұысқандарынызды және жақындарыңызды ұстамаңыз. ( 20 минут артық емес).

18. Науқас өзіне келген адамдардың тәртібіне жауап береді.

19. Аурухананың мүлкіне тиянақты қараңыз, сіздің кесіріңізден мулікке зиян келсе сіз оған материалды түрде жауап бересіз.

20. Өзіңізді күтетін қызметкерлермен сыпайы болыңы.Наразылықтарын  науқастар бөлім меңгерішісіне немесе аға медбикеге айта алады,  қызметкерлермен немесе өзара жанжалдаспайлы.

21. Науқастар өз ойлары мен ұсынаыстарын қабылдау бөлімінде орналасқа жәшікке сала алалы. Өтініштерді камиссия мүшелері қарайды.

22. Массаждар мен физиопроцедуралар кезінде ұялы телефондарды өшіру керек.

Ауруханада болу мерзі   барысында науқасқа тыйым салынады:

- ауруханадан дәрігердің рұксатынсыз шығуға;

- палатада, дәліздерде, дәретханаларда шылым шегуге;

- карта немесе басқа да құмар ойындар ойнауға;

- спирттік ішімдіктер ішуге;

- жихазды бузуға және кабырғаларға жазуға;

- ашық спиральдық құралдарды  және қайнатқыштарды қолдануға;

Өзіңізді қоршаған адамдардың денсаулығына сақ болыңыз!